Қасиетті Рамазан айының бірінші күні BI Group холдингі демеушілік көмек ретінде Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына коронавирустық инфекция ауруына шалдыққан пациенттерді емдеуге арналған жабдықтар жиынтығын сыйлады. Қазір дәрігерлердің қолында Бронхоскоп (Olympus), Hamilton портативті вентиляторы (Швейцария) және виброакустикалық аппарат бар. Ол Нұр-Сұлтан қаласында жасалады, құны 13 млн теңгені құрайды.

«Бұрын өзіміз жөндеу жүргізген бөлімшені техникамен жабдықтау бізге өте маңызды болды. Бұған дейін біз инфекциялық госпитальдің әр палатасына медициналық газ өткізген болатынбыз. Бұл жұқпалы ауруларды емдеуде өте маңызды. ҰҒТОО-дан хат ала сала біз бірден кірісіп кеттік. Клиникаға ақысыз негізде медициналық жабдықтар жеткіздік. Бұл жабдықтар Қазақстанда, Жапонияда, Кореяда және Швейцарияда жасап шығарылады», - деді BI Group холдингінің сатып алу басқармасының басшысы Марал Байқадамова.

Дәрігерлер мен клиника қызметкерлері  берілген медициналық жабдықтар үшін өз алғыстарын білдірді.


«Біз компанияға жөндеу жұмыстары үшін, ал ең бастысы – газдандыру жұмыстары үшін ризамыз. Енді біздің пациенттер қабылдау бөлімшесінен-ақ оттегін ала алады. Біздің бүгін алған жабдықтарымыз науқастардың жағдайын жақсартуға көмектеседі», - деді ҰҒТОО жанындағы инфекциялық госпитальдің реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Павел Останин.

Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында COVID-19-ға шалдыққан науқастарды емдеу үшін 100 орындық инфекциялық госпиталь орналастырылды.

 
Аурухананың қалған бөлімшелері өз жұмыстарын жоспарлы тәртіпте жалғастыруда. Пациенттер барлық қажетті медициналық қызметтерді алып отыр.