Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО ұжымы және алғыс білдіруші мыңдаған пациенттер жоғары біліктілік санаты бар хирург, ҚР еңбек сіңірген дәрігері Валерий Владимирович Ивановты 70 жасқа толуымен құттықтайды.

Валерий Владимирович Атбасар қаласында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Целиноград мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітірді.

Еңбек жолын Целиноград облыстық клиникалық ауруханасында хирургия бөлімінде хирург-дәрігер ретінде бастады. 1985 жылдың тамыз айында Целиноград қаласының облыстық ауруханасында хирургия бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, сол уақытта Астана қаласында штаттан тыс бас хирург болып істеп, 2 қалалық аурухананың меңгерушісі болып тағайындалды. 2001 жылдың маусымынан бастап ТОҒЗИ көптеген жарақат бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды.

Астана қаласының бас хирургі ретінде жұмыс істеген уақытында Астана қаласы мен облыстың хирургиялық қызметін жетілдіру бойынша үлкен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізді. Оның тікелей басшылығымен Астана қаласының амбулаториялық хирургия бөлімі, теміржол ауруханасында іріңді хирургия бөлімі ашылды.

Қалалық емханаларда проктолог және гепатолог дәрігерлердің науқастарды қабылдауын ұйымдастырды. Іс жүзінде бауыр мен өт шығару жолдарының ауруларын операциялық емдеу әдістемесін, іш қуысы ағзаларына эндоскопиялық операция жасауды енгізді.

Қазақстанның ең үздік хирургтарының бірі бола тұра, еңбек жолында өзінің кәсіби деңгейін арттыра берді. Өз жұмысында хирургиялық көмек көрсетудің заманауи әдістерін қолданды. Оған қайсарлық, мақсатқа талпынушылық, алға қойған мақсаттарына қол жеткізу сияқты қасиеттер тән. Ол «табиғатынан дарынды хирург» қана емес, сондай-ақ өзінің үлгісімен шабыттандыра алатын керемет ұйымдастырушы. Валерий Владимирович қазір еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істеп жүрген жүздеген жас мамандарды оқытып, «тәрбиеледі».

44 жыл бойғы жұмыс барысында пациенттерге деген ерекше көзқарасы, мейірімділігі, жанашырлық сезімі дамыды, кез-келген уақытта қол ұшын созуға дайын болды. Ол әрбір науқастың бойына оның сауығатындығына сенімділік сезімін орнатты, ал сауығып шыққан жандардың санын мыңдап санауға болады.

Доктор В. В. Ивановтың кәсіби қасиеттері жоғары бағаланып, 1985 жылы «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері» белгілерімен марапатталды. Жоғары біліктілік санаты бар хирург. «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен, бірнеше рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің грамоталарымен марапатталған, рационализаторлық 27 ұсыныс енгізген, 3 өнертабыстың авторы болып табылады.

Бүгін Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО басшылығы Валерий Владимирович Ивановты «Травматология мен ортопедияны дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.


Клиника ұжымы, пациенттер, Валерий Владимировичтің шәкірттері мерейтой иесін шын жүректен құттықтайды! Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!