Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО дәрігерлері Орал қаласында көшпелі мастер-класс өткізді. Қалалық және облыстық ауруханаларда операциялық бригада ұршықбуын мен тізебуынға ЖТМҚ санатына кіретін ревизиялық эндопротездеу бойынша үш операция жасады.

Ірі буындарды имплантациялау бойынша ҰҒТОО мамандарының 20 мыңнан астам тәжірибесі бар. Тұрақты негізде клиника базасында да, сондай-ақ көшпелі курстар да мастер-кластар, оқыту семинарларын өткізеді.

20 жыл ішінде жамбасты операциялық жолмен емдеу, тізебуынның және иықбуынның артроскопиялық хирургиясы, көкірек деформациясы, омыртқаның туа біткен және жүре пайда болған деформацияларын хирургиялық емдеу және басқа да тақырыптарда 80-нен астам мастер-кластар өткізілді. Жүздеген мамандар жаңа білім алып, іс жүзінде өз шеберліктерін шыңдады. 

Елдегі КВИ пандемиясына байланысты күрделі жағдайға қарамастан, Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО мамандары шетте қалмай және өзінің практикалық тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісуді жалғастыруда!